Таза орта қалыптастыру - ортақ іс
Халық қала тынысынан шаршаған мезетте таза ауада, табиғат ортасында демалғысы келеді. Қуантарлығы қалада экопарктердің саны артуда. Солардың бірі "Садовое" елді мекеніндегі экопарк. Аумаққа бүгін 100 түп аққайын отырғызылды. Оқушылар 5 мың түп көшет екті. Тал егу шарасына облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет көмектесті. "Жасыл ел" жасақтары мен мекеме қызмкеткерлері атсалысты. Облыс әкімі мұндай бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырады дейді. Оқушылар арасынан ағаш отырғызуға топырақ дайындап, қолдарына күрек ұстағандар қатарынан №80-ші орта мектептің білім алушылары көзге түсті. Жастар таза табиғат аясына шығып еңбек еткендеріне дән риза. Бүгінгі іс-шараға "Қазақойл Ақтөбе" мекемесі демеушілік көрсетті. Бұл - "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылып отырған шаралардың бірі. Жалпы, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Ал экосаябақты жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта аталған демалыс орнында уақыт өткізіп, таза ауамен тыныстап отыратын күн де алыс емес. Жоспар бойынша саябақтың құрылыс жұмыстары келесі жылға дейін аяқталуы тиіс.Количество показов: 14
Дата создания: 23.10.2026 09:49:07



















