Темірлан Сандыбаевты іздеу тоқтады
Бұл туралы «Фейсбук» әлеуметтік желісінде еріктілер тобының белсендісі Дина Бөкенбаева хабарлады. Көпшіліктің неге деген сұрағына Дина «баланың денесі өзен бетіне қалқып шыққан» деп бір сөйлеммен ғана жауап берді. Әзірге ішкі істер департаменті ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша баланың жансыз денесі кешкі сағат бестер шамасында Келешек аумағындағы Қарғалы өзенінің тайыздау тұсында су бетіне қалқып шыққан. Бес жастағы баланы 12 күн бойы полиция мен құтқарушылар, еріктілер тобы іздеді.Количество показов: 1971
Дата создания: 23.10.2014 19:47:41



















