Темір жол вокзалы алдындағы көлік тұрағы пайдалануға берілді
![]() |
Темір жол вокзалы алдындағы көлік тұрағы пайдалануға берілсе де бос тұр. Жүргізушілер ескі әдетіне салып, көліктерін көше бойына қалдырып кетіп жатыр. 300 орынға шақталған тұрақтың құрылыс жұмастырымен "Ақтөбегордострой" ЖШС-гі айналысты. Мекеме енді жаяу жүргіншілер жолын тегістеп, қоқыс жәшіктерін орнатуы тиіс. Биылғы жаз, күз айларында қаланың ескі бөлігінде көлік жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүрді. Әсіресе Әкімжанов, Шернияз, Смағұлов, Уәлиханов, Кереев көшелері біраз жаңарып қалды. Шұрық-тесік асфальттары бүтінделді. "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімі" ММ сектор меңгерушісі Руслан Төреғалидің мәлімдеуінше, ескі қаладағы жолдарды жөндеуге, темір жол вокзалы алдында көлік тұрағын кеңейтуге 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. |
Количество показов: 2065
Дата создания: 06.11.2013 19:14:16