Тұмауға қарсы егу басталды
![]() |
Жедел респираторлы вирусты инфекциялар мен тұмаудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Қазанның бірінен бастап екпе жұмыстары басталды. Биыл облыстық бюджеттен вакцина сатып алуға 29 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазір барлық жергілікті емдеу мекемелері "Ваксигрипп" препаратымен қамтылған. Бірінші кезекте балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары, медицина қызметкерлері тегін егіледі. Ақылы түрде егу жұмыстары барлық емханаларда жүргізіледі. Қаңтар мен ақпан айларында тұмау өршиді деген болжам бар. Санитар мамандардың айтуынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тұрғындар арасында аурушаңдық 1,5 есеге төмендеген. Өткен маусымда облыс бойынша тұмаудың 12 жағдайы тіркелген. ДДСҰ қыста А және В тұмау вирусы күшейетіні туралы ақпарат таратып отыр. Мамандар ауыра қалған жағдайда, науқас өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігерге қаралғаны жөн деп ескертеді. Адам көп шоғырланған жерден алшақ жүріп, күнделікті ас мәзірінде құрамында С дәрумені бар тағамдарды ішуге кеңес береді. |
Количество показов: 2121
Дата создания: 03.10.2013 18:16:22