Сазды ауылының тұрғындары депутаттарға ренжулі
![]() |
Үш мыңға жуық халқы бар Сазды селолық округінің мұң-мұқтажы жетіп артылады. Бүгін елді мекен басшысының есеп беру жиынында тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Жиынға қатысқан қала әкімі Ерхан Омаровқа тікелей шағымдануға да мүмкіндік алды. Халық саны артқан сайын Сазды селолық округінің әкіміне артылған жүктің салмағы ауырлап келеді. Бауырластар елдімекені қосылып, іргесі кеңейгелі тұрғындардың сұранысы көп. Селолық округ әкімі Ихсан Дисикуш жиынды қырық минуттық баяндамасымен бастады. Жиналғандар көкейлеріндегі сауалдарын қоюға асықты.
Алайда бұл сұрақ жиында жауапсыз қалды. Сазды орталығы газбен, сумен, жарықпен қамтылған. Әкімнің есеп беру жиынын күткендердің дені- күнделікті күйбең тіршіліктерін жеңілдетуге биліктің араласқанын қалаушылар. Бүгін қала әкімі Ерхан Омаровқа тікелей өтініш айтқандар болды. Сазды селолық округіне қарасты Бауырластар елдімекенінің тұрғындары қалаға қатынайтын қоғамдық көліктің тарлығын тілге тиек етті. Бұрын Сазды селолық округіне автобус күніне үш мезгіл қатынайтын. Кейін тұрғындар санының артуына байланысты 15 рейске жетті. Округ әкімі Ихсан Дисикуш өзекті мәселе жуық арада шешіледі деп уәде етті. Сазды ауылының тұрғындары өздері сайлаған депутаттың қала іргесіндегі ауылға ат ізін салмайтындығын алға тартты. Сондықтан күрмеуі қиын мәселелері биліктің құлағына жетпей қалып жүр.
|
Количество показов: 2120
Дата создания: 08.10.2013 18:38:19