Сәңкібай батыр мен Ә.Молдағұлова даңғылдарының қиылысындағы айналма жол алынып, жол қозғалысы енді бағдаршаммен реттеледі. Қазір өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жаңашылдық көлік кептелісін азайтуға әсер етуі тиіс. Ақтөбеде 2011-жылмен салыстырғанда көліктер саны 4 есеге көбейген. Көлік кептелістеріне бұл көрсеткіштің де әсері бар. Сәңкібай батыр мен Ә. Молдағұлова даңғылдарының қиылысына кезінде 100 млн теңгеге жасалған айналма жолдың да өз тиімділігін жоғалтқаны қашан?! Ол аумақтың жол түйінін енді кәдімгі бағдаршам шешпек. Ал Ә. Молдағұлова даңғылының айналмадан кейінгі бөлігі 4 жолақтан 6 жолаққа ұлғайтылды. Бәйішев көшесі де 2 жолақтыдан 4 жолақтыға өзгертілмек.
Жол жұмыстарымен "РусКазДорСтрой" ЖШС айналысып жатыр. Жергілікті бюджеттен жарықтандыру жұмыстарына да қоса бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 500 млн. теңге. Қала тұрғындарына бұл аумақтағы қолайсыздыққа 10 күндей шыдауға тура келеді.
Количество показов: 1685
Дата создания: 02.06.2015 19:13:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>