Облыста төрт бағыттағы жол жабылды
![]() | Кешелі бері облыс аумағында қатты жел тұрып, боран ұйтқып тұр. Бірақ, сапарлап шыққан тұрғындарға ауа райы да, 112 қызметінен түскен шұғыл ескерту де тосқауыл бола алмай отыр. Төтенше жағдайлар департаментіндегілер өткен екі тәуліктің ішінде жолда қалып қойған 79 адамды құтқарған. 391 адам кемпингтерге, жол бойындағы дәмханалар мен жақын маңдағы ауылдық мектептерге орналастырылған. Құтқару жұмыстарына, жолаушыларды тамақпен, жылы орынмен қамтуға биыл 78 млн теңге бөлінген. Мамандар әсіресе, Самара-Шымкент тас жолының бойы- қауіпті екендігін айтады. Кеше кешқұрым Әйтеке би ауданында Өзбекстаннан Ресейге бет алған автобус бұзылып, жолда тұрып қалған. 63 адам құтқарылды. Қаңтар басталғалы облысаралық, халықаралық маңызы бар жолдар бірнеше мәрте жабылды. Бүгін де облыстық төтенше жағдайлар департаменті аяз бен бұрқасынға байланысты төрт бағыттағы жолды жапты. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан 112 байланыс желісінен түскен ақпаратқа мұқият ден қоюды сұрайды. Қыс басталғалы аязда адасып, далада қалған 2 адам үсік шалып, қаза болған. |
Количество показов: 2156
Дата создания: 30.01.2014 18:55:56