Мектеп оқушылары арасында облыстық пәндік олимпиада өтіп жатыр
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға барлығы 800-ден астам оқушы қатысып жатыр. Биылғы жылдың ерекшелігі - орта мектеп оқушылары мен гимназия, лицей шәкірттерінің білімі екі бөлек бағаланады. Екінші кезеңге өткен 700-ден астам оқушы тәжірибелік сынақты бүгін тапсырды. Олардың арасында орыс мектебінде білім алатын, қазақ тілін жетік меңгерген оқушылар да бар. Пәндік олимпиадаға қатысушы оқушылардың тең жартысы аудан, ауылдан келген. Олардың басым бөлігі жаратылыстану-математика бағытын таңдаған. Айте кетейік, жеңімпаздар 24-29- наурыз аралығында Петропавл мен Көкшетау қалаларында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.
Количество показов: 2644
Дата создания: 06.01.2016 18:52:15