Медициналық колледждің жатақханасы ашылды
![]() |
Ұстаздардың кәсіби мерекесі күні медициналық колледждің жатақханасы ашылды. Ең алдымен орын ата - анасыз, мүгедек, аз қамтылған отбасы, көпбалалы жанұядан шыққан студенттерге тиесілі. Енді келесі аптадан бастап 150 қыз-жігіт Асау-Барақ көшесіндегі заманауи талапқа сай қайта жасақталған ғимараттың тұрғындары атанбақ. Медициналық колледж еншісіне бұйырған бұл ғимарат бұрын балалар ауруханасы болатын. Үкімет қаржысына қайта жасақталған нысанның иігілігін енді болашақ ақ халаттылар көреді. Барлық мүмкіндік жасалған. Шалғай аудандардан арқаланып келетін студенттер енді азық - түліктерін бұрынғыдай терезенің сыртына іліп қоймайды. Бөлмелердің бәрінде тоңазытқыш бар. Студенттер бос уақытта зерікпес үшін спорттық жаттығу залы, 80 орындық кинозал қарастырылған. Ең алдымен жатақханадағы орын ата - анасыз, мүгедек, аз қамтылған отбасы, көпбалалы жанұя студенттеріне тиесілі. Айына төлемақы бес мың теңге. Ал іштегі тәртіпті қадағалау мақсатында жатақхана ішіне 56 камера орнатылды. Жатақханадан орын сұраған үміткерлер тізімі 500- ге жуық. Жастар комитетінің төрайымы Гүлзат Шахабаеваның айтуынша, келесі аптаға дейін орын тиесілі студенттердің аты - жөні жария етіледі. Егер артық бөлме қалып жатса колледж белсенділері мен оқу үздіктеріне бұйырады. |
Количество показов: 2337
Дата создания: 07.10.2013 19:38:42