Индустрияландыру картасы 14 жобамен толықпақ
![]() | Бүгін индустрияландыру картасына енуге үмітті 14 жоба облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыға түсті. Жобалар жүзеге асырылса, 2015 жылы өндірістегі еңбек өнімділігі 1,5 есеге, жалпы аймақтық өнім 2 есеге артпақ. Бүгінге дейін индустрияландыру картасына құны 574 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба енген. Оның жетпісі қазірде пайдалануға берілді. Иннустриалды-инновациялық жеделдетілген дамудың алғашқы межесі 2010-2014 жылдар болып белгіленген-ді. Бұл кезеңде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалар жүзеге асты деді облыс басшысы. Тек 2013 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 115,1 миллиард теңге болатын 8 жоба іске асты. Өндірілген өнім көлемі 1352,2 миллиард теңгені құрады. Жалпы аймақтық өндіріс құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 7,9%-дан 9,4%-ға өсті. Негізгі капиталға салымның көлемі де 11,9%-ға артып, 496,2 миллиард теңгеге жетіп жығылды. Индустриалдық-инновациялық дамудың келесі межесі 2014-2019 жылдар аралығында жүзеге аспақ. 2014 жылы жалпы сомасы 200 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске аспақ. Үшеуі индустриаландыру картасына бұрын еніп қойған. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз"АҚ-ның Жаңажол газ өңдеу зауытының 2-3 кезектегі құрылысы, Рельсті-арқалық зауытының құрылысы және "Ақтөбе-Жылыжай" ЖШС-не тиесілі жылыжай жүйесінің құрылысы. Ал бесжылдықтағы индустриалдық картаға енуге тиіс 14 жоба бүгінгі индустриалдық-инновациялық жедел даму жөніндегі кеңестің назарына ұсынылды. |
Количество показов: 2195
Дата создания: 10.02.2014 18:52:13