Гаджеттің кесірі
Жан-жағыңызға қарасаңыңз телефонға телмірген жан көп. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қолындағы смартфонға үңіліп отырады. Денсаулыққа қанша қатер төндіретінін білсе де, бұл құрылғыдан айырылар емес. Жұмыс үшін, байланыс үшін қолданса бір сәрі. Өкінішке қарай, телефон қазір адамның бос уақытын ұрлауда. Одан тарайтын электромагниттік өрістері былай тұрсын, көз жанарынан айырылып жатқандар бар.Соңғы жылдары көзілдірік киетін балалар саны артқан. Тіпті сәбилер арасында көз жанары нашар көретіндер көп. Балабақшаға баратын әр бесінші бүлдіршін көзәйнек киюге мәжбүр. Генетикалық, туа біткен факторлардан бөлек-ата-ананың өзі кінәлі,дейді маман. Себебі баласы тыныш отырсын,мазамды алмасын,-деген оймен қолына телефон ұстататын да ата-ананың өзі.Катаракта жасарып барады. Жасы 40 қа жаңа толған ақтөбеліктер де бой алдыруда. Әсіресе, компьютердің алдында көп отыратын адамдар мен телефонға тәуелділер арасында белең алып отыр. Осы орайда офтальмолог әр сағат сайын көзге арналған гимнастика жасауға, бір орында отыра бермеуге, ал үйге келгенде телефонға мүлдем жоламауға кеңес береді.
Ғалымдар 1990 жылдан бергі мәліметтерді зерттеп, салыстырған. Осыдан 34 жыл бұрын дүние жүзіндегі жеткіншектердің 24 пайызының көзі нашар көрген екен. Былтыр бұл көрсеткіш тағы 11 пайызға өсті. Ал 2050 жылға қарай миопияға шалдыққан жасөспірімдер 40 пайызды құрауы мүмкін. Бұл шамамен 250 млн бала.
Количество показов: 68
Дата создания: 10.08.2025 16:31:46