"Қазақстанның үздік тауары" байқауы бастауын алды
Қалада кәсіпкерлерді қолдау және отандық өнімнің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Өңір кәсіпорындары ҚР президентінің "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауына дайындықты бастады. Осы мақсатта кәсіпкерлер палатасында арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды. Облысымызда кәсіпкерлерді еліміздің сапа байқауларына бойынша үздік деген өнімдеріне дайындау жұмыстары басталды. Осыған орай бүгін өңірлік кәсіпкерлер палатасында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу тәртібіне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға өз өнімдерін республикалық деңгейде таныстыруға ниетті өңірдің 30-ға жуық тауар өндірушісі қатысты. Мамандар кәсіпкерлерге байқауға қатысу талаптарын, өтінім беру тәртібін және конкурс материалдарын әзірлеудің негізгі қағидаларын түсіндірді.Семинар барысында биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтетін «Алтын сапа» байқауына ерекше назар аударылды. Байқау отандық бизнестің жетістіктерін бағалайтын ең беделді алаңдардың бірі саналады. Қатысушыларға бағалау критерийлері мен үміткерлерге қойылатын талаптар жан-жақты түсіндірілді. Жиында сапа менеджменті жүйелері, өнім қауіпсіздігі, еңбек қорғау және халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері де талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға тәжірибелік кеңестер беріліп, байқау жеңімпаздарының табысқа жету жолы таныстырылды. Мамандардың айтуынша, мұндай семинарлар өңір кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сапалы өнім өндірушілердің республикалық деңгейде танылуына жол ашады. Ал «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы Ақтөбеде шілде айының басында өтеді. «Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады.
Количество показов: 12
Дата создания: 10.06.2026 07:10:16



















