«Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты IV халықаралық форум өтті
«Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты IV халықаралық форум өтті. Биылғы жиын «Цифрлық ұрпақ: технологиялар, тұлға мен қауіпсіздік арасындағы теңгерім» тақырыбына арналды. Іс-шара Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында ұйымдастырылып, оған отандық және шетелдік сарапшылар, психологтар, педагогтер, IT мамандары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Форум барысында цифрлық ортадағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, кибербуллинг, интернеттегі психологиялық қысым, жалған ақпарат пен жасанды интеллект арқылы жасалған контенттің әсері сөз болды. Мамандар әсіресе кибербуллингтің жастар арасында көп екендігін айтты. Мамандар жастардың психологиялық тұрақтылығын сақтау, цифрлық тәуелділіктің алдын алу үшін барлығын тексеріп, яғни аккаунт шындыққа жанаса ма, жоқ па тексеріп алып, әр іске байыппен қарау керектігін ескертті. Жалғыз жастарға емес, әр саланың мамандары мен тіпті қарапайым адамдар үшін де бұл маңызды. Қазіргі таңда адамдарды алдау оңай. Сондықтан әлеуметтік желідегі, интернет жүйесіндегі әр контентті сүзгіден өткізген жөн. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум цифрлық қоғам жағдайында қауіпсіз әрі жауапты коммуникация мәдениетін қалыптастыруды қамтиды. Сонымен қатар жастардың психологиялық саулығын нығайтып, технология мен тұлға арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселесіне назар аудару.Количество показов: 7
Дата создания: 22.05.2026 06:03:24



















