МӘМС-ке тіркелген науқастар тегін ем қабылдай алады
Өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық оңалту қызметтері қолжетімді дейді мамандар. "Алга Мед" медициналық оңалту орталығының мамандарының айтуынша, науқастар көбіне учаскелік дәрігерлердің, травматолог және нейрохирург жолдамасымен келеді. Науқастарға физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, эрготерапия, логопедиялық және психологиялық көмек сияқты қызметтердің 216 түрі ұсынылған. "Alga Med" оңалту орталығында айына 40-50 пациент дәрігер берген ем-шаралардан өтуде. Бүгінде амбулоториялық орталық оңалту қызметі пациенттердің денсаулығын қалпына келтіруге көмектесіп келеді. Ал қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің облыс тұрғындарына оңалту қызметтерінің 216 түрі қолжетімді. Өңірде меншік нысанына қарамастан 33 медициналық ұйым халыққа оңалту қызметін көрсетеді. Науқастар көбіне учаскелік дәрігерлердің, травматолог және нейрохирургтардың жолдамасы арқылы келеді. Олардың әрқайсысы көрсетілген емдік шараға көңілдері толатынын айтады. Оңалту курсы он күнге созылады. Оңалту мекемесінің басты мақсаты- ағзаның жоғалған қызметтерін қалпына келтіріп, пациенттердің қалыпты өмірге және еңбек қызметіне қайта оралуына көмектесу. Денсаулық сақтау саласы өкілдерінің мәліметінше, оңалту ұйымдарының желісін кеңейту және қызмет түрлерін көбейту тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, олардың тезірек сауығып кетуіне мүмкіндік беріп отыр.Количество показов: 9
Дата создания: 09.06.2026 06:26:04



















