Өскелең ұрпақ тәрбиесі талқыланды
Қазіргі таңда 10-29 жастағы жастар арасында психологиялық қиындықтар жиі кездеседі. Әсіресе ҰБТ немесе ересек өмірге қадам басу алдында жасөспірімдер мен жастар жиі психологиялық құлдырауға түсіп жатады. Осыған орай, бүгін №2 қалалық емханада балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Адамның денсаулыққа деген көзқарасы көбіне жасөспірім шақта қалыптасады, дейді мамандар. Сол себепті бұл кезеңде берілген тәрбие мен түсіндіру жұмыстары оның болашақ өміріне тікелей әсер етеді. Мамандардың айтуынша, денсаулығында мәселе туындаған жағдайда немесе алдын алу мақсатында жасөспірімдер тегін түрде "жастар денсаулық орталығына" жүгіне алады. Қала бойынша 4 жастар орталығы бар. Ал Алматы ауданындағы орталықта 10 бен 29 жас аралығындағы 70 мыңға жақын жас тіркелген. Орталық жастарға тек білім беру немесе лекция оқумен шектелмей, жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Бас қосуға денсаулық сақтау саласының өкілдерімен қатар білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар қатысты. Танымал спортшылар қатарында боксер Галиб Джафаров, самбо күресінен бірнеше дүркін чемпион Райса Байлиева бар. Олар да жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа бейімдеу бағытында ұсыныстарын ортаға салды. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстар тек медицина саласына ғана емес, қоғамның барлық саласының бірлескен қолдауына байланысты екенін атап өтті.Количество показов: 7
Дата создания: 21.05.2026 06:12:39



















