700 тұтынушы түрлі қызметке қатысты шағымданған
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың өтініштерін, талап-арыздарын қарап, тұтынушылар құқығы мен мүддесін қорғайды. Құқықбұзушылық болса қалпына келтіреді, құқықтық көмектер, кеңестер беріп, өңір тұрғындарын құқықтық сауаттандырады. Тек осы жылдың басынан департамент 727 тұтынушының өтінішін қараған. Басқа өтініштер бойынша жұмыстар атқарылған. Оның ішінде тұрмыстық қызметтер - 196, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы -31, байланыс қызметіне-30 өтініш тіркелсе, қалған 123 өтініш көлік, туристік қызметтер, қаржы, қоғамдық тамақтану, медицина және білім беру қызметтерінің үлесінде,- дейді мамандар. Сонымен қатар, бірқатар азаматтық істер сот тәртібімен қаралып, олардың нәтижесінде тұтынушылардың пайдасына ақшалай қаражат, моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Кейбір істер бойынша сот талқылаулары жалғасуда. Жалпы, қаралған 5 өтініш пен 6 сот талқылауының нәтижесінде тұтынушыларға 2 млн теңгеден аса қаражат өндірілгенін атап өтті департамент маманы.Количество показов: 8
Дата создания: 21.05.2026 06:08:04



















