Ескі үйлерде пәтер бағасы арзандады
Біздің қаламыздағы жарты ғасырлық тарихы бар үйлердің бағасы төмендеді. Қазір Тұрғындар қалашығындағы ескі үйлердің 1-бөлмелі пәтерін 25 мың долларға, ал екі бөлмелі пәтерді 30-32 мың долларға сатып алуға болады. Қаланың орталығында сәйкесінше баға қымбат. Ауданына байланысты Әбілқайыр хан даңғылы бойында, "Қазпошта" ауданындағы бір бөлмелі пәтерлер 33-35 мың АҚШ доллары аралығында.Ақтөбеде ғана емес, Алматы қаласында да пәтер бағасы арзандады. Таяуда ғана Алматы қаласындағы бір бөлмелі пәтер құнының құлдырауынан сату-сатып алу 20 пайызға артқан. Сарапшылар мүлік нарығындағы белсенділікті ипотекалық несиелендірудің қайта жанданғанымен байланыстырып отыр. Ақтөбеліктердің де 60 пайызы пәтерді несиеге алады екен.
Количество показов: 2023
Дата создания: 23.07.2015 19:31:40