Дәрігерлер Тұңғыш президент күніне флеш-моб өткізді
Ақ халаттылар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Облыстық ауруханада бүгін "Президентпен біргеміз" атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Дәрігерлер бүгін Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Кейін толассыз алғысқа бөленді. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Лаура Құсайынова "Қайырымды жүрек" медалін алды, дәрігер реаниматолог Марат Қуанышев "Авицина" медалімен марапатталды. Ал бас есепші Жанзира Әбенқызы есеп және аудит номинациясы бойынша "Жыл маманы" ұлттық сертификатын иеленді. Облыстық аурухананың дәрігерлері үшін бүгін тағы жақсы жаңалық айтылды. Келер жылы олардың орташа жалақысы 28 пайызға көтеріледі. Кейін қарашаның суығына қарамастан ақ халаттылар далаға шығып, флэш моб өткізді.Количество показов: 1849
Дата создания: 30.11.2015 18:06:04