Балықшылар көлігімен суға кетті
|
Құтқарушылар Ақтөбе су қоймасына түсіп кеткен «Нива» көлігін шығару жұмыстарын жалғастыруда. Көлік кешегі таңғы сағат тоғыздан бері жартылай суда тұр. Облыстық суда құтқару қызметінің сарапшысы Оксана Кичигинаның айтуынша, «Ниваның» иесі - шамамен 65 жастағы балықшы тоғанға батып бара жатқан көліктен секіріп үлгерген. Бұдан басқа, кеше түсте сол маңда «Фольксваген-Гольф» көлігі су астынан шығарылды. Оның ішінде жастары 60-65-тегі ер және әйел адам болған. Олар да балық ауламаққа келген. Екеуі де аман. Құтқару қызметінің мамандары ақтөбеліктерге өзен-көлдердің бетіне көлікпен шығуға тыйым салады. Тоғандардың мұзы дұрыс қатпаған, қауіпті. Құтқарушылар су ортасында қалған көлікті шығаруға міндетті емес. Олар тек тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты. |
Количество показов: 2595
Дата создания: 28.12.2013 18:07:07



















