Бүгін дүниежүзілік пошта күні
![]() |
Бүгін дүниежүзілік пошта күні. "Қазпочта" АҚ-ның облыстық филиалы кәсіби мерекелерін атап өтті. Басылымдардың тұрақты жазылушылары мен пошта қызметін пайдаланушы ақтөбеліктер де мерекелік шарадан тыс қалмады. Бұрынғыдай емес пошта қызметі жаңа сипатқа енген. Заман ағымынан қалыспауға тырысады. Халық арасындағы делдалдық мәртебесін абыроймен атқарып келеді. Ғаламтордағы онлайн тәртіптің етек жайғанына қарамастан поштаның қызметіне мұқтаждық еш кеміген жоқ. "Қазпошта" биыл 20 жылдығын атап өтті. Бүгінде пошта арқылы ақша аудару, банк төлемдері, несие, коммуналдық төлемдерді өтеу, аманаттар, сәлемдеме жолдау, хат алмасу, газет-журналдарға жазылуға болады. Айта кеткен жөн бүгін мереке құрметіне биыл алғаш болып газет-журналға жазылған ақтөбеліктер марапатталды. Бүгінде облыс бойынша басылымдарға жазылушылар саны 170 мыңнан астам. Олар 10 мың түрлі газет-журналға жазылған. Олар қазақ, орыс, украин, ұйғыр және ағылшын тілдерінде. |
Количество показов: 2683
Дата создания: 09.10.2013 18:41:21