Сегодня: 21.11.2025
Ақтөбеде ауылшаруашылық жәрмеңкесі баслады

2014 жылғы 11 қазан күні «Табыс» коммуналдық базарында жергілікті тауарөндірушілер, көтерме сауда жеткізушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Ақтөбе қаласынан бөлек жәрмеңкеде Алға, Мәртөк және Қобда аудандарының өнімдері ұсынылды.
Осы күні қала тұрғындарына төменгі бағамен еттің барлық түрлері (қой еті, шошқа еті, сиыр еті, жылқы еті), сүт және сүт өнімдері, қаладағы жылыжай кешендерінің өнімдері (қызанақ пен қияр) және т.б. ұсынылды.
Қала тұрғындарына материалдық қордан құны 130 тг/кг болатын қант ұсынылды.
Жалпылай келе ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тауарлар нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен бағамен сатылады.
Осындай тектес жәрмеңкелерді ұйымдастыру мен өткізу қаламыздың тұрғындарына көкөніс пен басқа өнімдерді тікелей шаруа қожалықтарынан сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз өндірушінің өз бағасы, сатып алатын тауардың жаңа түсімі мен сапалылығы.
Бекітілген кестеге сәйкес күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 11 қазаннан бастау алып, жыл аяғына дейін апта сайын сенбі күндері өткізілетін болады.
Количество показов: 2083
Дата создания: 11.10.2014 16:51:13