36 жылын әскери салаға арнаған полковник Қажымұқан Сәтенов болашақ ұшқыштармен кездесті
Кеудесі медаль мен орденге толы Қажымұқан Сәтенов бүгін Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының курсанттарымен кездесті. 36 жылын әскери салаға арнаған ол өзінің қызметтік шақтарынан сыр шертіп, болашақ жауынгерлерді табандылық пен батылдыққа шақырды.Қобда ауданы Қосөткел ауылында дүниеге келген 66 жастағы полковник еңбек жолын Өскемен қаласындағы әскери бөлімде барлау взводының командирі қызметінен бастаған. Полковник Германия, Мәскеу, Африка мен Еуропада түрлі қызметтер атқарған. Ал, Кеңес Одағы тарағаннан кейін еліміздің қорғаныс саласының дамуына қосқан үлесі зор. Отан қорғаудың бір үлгісі іспеттес Қажымұқан Сәтеновті қазір "Отаным, жерім"" деген патриот жастардың аз екендігі алаңдатады. Қазіргі облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы қызметін атқаратын Қажымұқан Сәтеновке еліктейтін жастар көп. Олардың бірі полковниктің бүгінгі тәлімін тыңдауға келген Байсұлтан Бексұлтанов. Әскери институттың 1 курсында оқып жатқан жігіт Шымкенттен. Жауынгер болуды бала жасынан армандапты.
Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтында өткен бүгінгі кездесу ертең де жалғасады. Полковник Қажымұқан Сәтенов оқу орнын биыл аяқтайтын ұшқыштар және офицерлермен өз тәжірибесімен бөліседі.
Количество показов: 2138
Дата создания: 14.01.2016 18:39:05
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>