15-қазан күні таңғы тоғызда Айт намазы оқылады
![]() |
Құрбан айт мұсылман күнтізбесіне сәйкес, зул-хижжа айының оныншы жұлдызында, Меккеге қажылыққа барған мұсылман жамағаттың құлшылықтары аяқталғаннан кейін басталады. Мешіті бар жерлерде құрбандық айт намазы оқылғаннан кейін шалынуы тиіс. Ал ауылдық жерлерде таң атқаннан бастап, мал бауыздауға болады. Құрбан айттан бір немесе бірнеше күн бұрын мал сойып, құрбандығым деу-қате пікір, ол есептелмейді,-деді облыстың бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков. Құрбан айттың алғашқы күні, 15-ші қазанда облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінде сағат 9-да айт намазы оқылады. Сонан соң мешіт ауласында құрбан шалынады. Мешіт басшылығы тұрғындардың құрбандықтарын шалу үшін арнайы орындар әзірлеп қоған. Қасапшылар да қызмет көрсетуге дайын. Құрбандық толықтай қабыл болу үшін малдың жеуге жарамды ешбір ағзасы күл-қоқысқа тасталмауы керек. Терісінің өзін садақа ретінде берген абзал. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер туралы» заңында « ұлттық және мемлекеттік мерекелер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мереке күндері болып саналады» делінген. Осыған сәйкес, 15 қазан- демалыс күні. Құрбан айт ораза аяқталғаннан кейін 70 күннен соң тойланады. |
Количество показов: 2289
Дата создания: 10.10.2013 19:45:15