"Қазпошта" бөлімшесінінен 1 млн теңге тоналды
Белгісіз біреулер Иманов көшесінде орналасқан "Қазпошта" АҚ-ның бөлімшесін тонап кетті. Оқиға өткен жұма күні болған. Бөлімше қызметкерлерінің айтуынша, жұмыс аяқталуға санаулы минуттар қалғанда ғимаратқа беттерін тұмшалаған үш адам кіріп келіп, қорқытып-үркіткен. Қарақшылар 1 млн теңгеден артық ақшаны алып, тайып тұрған. Әзірге бейресми ақпарат көздерінен белгілі болғандай, олар шетелдік көлікке мініп оқиға орнынан іздерін суытқан. Бұл дерек бойынша облыстық ІІД қандай да бір ақпар беруден бас тартты. Количество показов: 1763
Дата создания: 22.12.2014 18:51:34



















