Зиянды жұмыстарға жаңа жәрдемақы
Биылдан бастап қауіпті өндірісте жасайтын қызметкерлер үшін арнаулы жәрдемақы беріледі. Осы жоба аясында республикалық бюджеттен бір айда 160 миллион теңге төленді. Облыс бойынша мұндай жәрдемақы алуға бір айда 83 адам өтініш білдірген.Арнаулы әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшеріндегі арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан, сақтандыру ұйымдарының төлемдерінен, жұмыс берушілердің төлемдерінен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен және Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерден тұрады.Өтініш беру жалғасуда. Егер сіз немесе жақыныңыз қауіпті өндірісте жасайтын болса,дәл осы жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Жәрдемақы 55 жастан асқан адамдарға беріледі және зейнеткерлік жасқа дейін жалғасады. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті ХҚКО-дан тапсыруға немесе 1414 нөміріне хабарласса болады.Количество показов: 260
Дата создания: 13.02.2024 00:39:11