Суға кеткен көше
Бұл Оңтүстік-батыс шағын ауданы Арыстан батыр көшесіндегі көрініс. Бұл жерде жыл сайын көктемде қар еріген кезде жер асты суы көтеріліп, лай батпаққа айналады. Көшелер мен аулалар суға толып, тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Тіпті қарғын су балалар үшін де қаупті,- дейді тұрғындар. Тұрғындар былтыр да дәл осындай келеңсіздікке ұшыраған. Суды тоқтатып, мәселені түбегейлі шешуі үшін өкілетті органдарға да жүгінген. Бірақ жағдай әлі сол күйі. Аталмыш мәселені шешу Астана аудандық әкімдігінің құзырында. Аудан әкімінің айтуынша, оңтүстік-батыс-1 және оңтүстік-батыс-2 шағын аудандары арасындағы көлдің деңгейін канал арқылы басқа арнаға бұрып жібермесе бұл мәселе шешілмейді. Аталмыш, каналдың құрылыс-монтаж жұмыстарын қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар бөлімі мекемесі жүргізіп жатыр. Жұмыстар биыл жаздың соңына дейін толығымен аяқталуы тиіс.Количество показов: 332
Дата создания: 07.05.2024 10:00:49