1-топтағы мүгедек тегін медициналық көмек ала алмай отыр.
22 жастағы жігіт "БИОЛАБ-ФАРМ" медициналық орталығында тіркеуде тұр. 1-топтағы мүгедек. Оған тегін медициналық көмек тиесілі. Әйтсе де, заңмен бекітілген ем-домымды ала алмай отырмын, п налиды. Айтуынша, дәрігерлер сал болып қалған жігітке көмектесуге жоқ. Біріне-бірі сілтеп әлек. Андрейдің жалғыз қамқоршысы анасы. Ал ақ халаттылардың өз айтары бар. Айтуларынша, Андрейді бұған дейін емханаға келіп, көмек сұрамаған. Егер науқас хабарласып, үйге шақыртса, барар едік,-деп ақталуда. Барлық ем-домын да тексеруден кейін тағайындаймыз, дейді емханадағылар. Дәрігерлер шағымды естіп аң-таң. Өйткені, науқастан бұған дейін еш өтініш түспеген. Енді Андрей Богачев аурухананың тіркеу бөліміне хабарласып, үйге шақыртуға тіркелсе болғаны, ақ халаттылар барамыз, қараймыз, бұл біздің жұмысымыз деп отыр. Қажетті ем-дом жасап, қандай дәрігерлік көмек керек , көрсетеміз дейді.Количество показов: 518
Дата создания: 08.03.2024 04:12:50