«РИКА» арнасы Наурыз мейрамының құрметіне «Армысың, арғымақ жыл» атты телефестиваль өткізіп жатыр. Телефестиваль наурыздың 14-і күні басталды. 9 күн бойы жалғасады. Осы аралықтағы әр күннің өз атауы бар. Сондай-ақ, символы белгіленіп, бекітілген. Мысалы, наурыздың 14-і шуақ күні деп белгіленіп, символы бәйшешек болды. Сол сияқты тағзым күні (символы-алақан) Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен өнері туралы айтылды. Наурыздың 17-сі - үйлесім күні. Бұл күні ұлттық музыка жауһары- күй өнері насихатталады. Мақсат- әр күн сайын ұлттық құндылықтарды насихаттау. Арнайы хабарлар циклі наурыздың 22-сі күні көрсетілетін мерекелік мюзиклге ұласады. Біз НАУРЫЗдың этнографиялық естелік күні ғана болып қалғанын қаламаймыз. Телефестивальдің ең басты мақсаты да -осы. |
Шуақ | Тағзым | |
Алас | Күй | |
Өніс | Жайнау | |
Шаттық | Береке | |
Армысың, арғымақ жыл! | ||