Ер-ел қорғаны!
"Ер - ел қорғаны!" атты мерекелік шара ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Облыс әкімі Асхат Шахаров ел үшін аянбай қызмет етіп, өмірін қатерге тігіп, антына берік бола білген бүгінгі күннің батырларын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Су тасқыны кезінде халықты эвакуациялап, табиғи апатқа қарсы тұрып, зор үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының мамандарын марапаттады.Мерекелік шараға әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының мамандарынан бөлек, облыстық ТЖД ардагерлері де қатысты. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, елімізге ақжарма тілегін жолдады.Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Іс - шараға әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарының көркемөнерпаздары, облыстық филармония әртістері атсалысты.Количество показов: 352
Дата создания: 07.05.2024 06:16:13