«КӘУСАР» — рухани танымдық бағдарлама. Мақсаты — дін және рухани әлем мәселелері бойынша ақпарат тарату. Хабар облыстық ішкі саясат бағдарламасының тапсырысы негізінде әзірленеді.
Бағдарлама барысында облыстық, қалалық мешіт имамдары, қоғамның көрнекті тұлғалары жастардың рухани әлемін байыту тұрғысында әңгіме қозғап, қоғамдағы өзекті оқиғалар мен құбылыстарға байланысты пікірлерін білдіреді.