Қайтсек қарызсыз қоғам құрамыз?
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауатты арттыру курсы жалғасуда. Қазір ақтөбеліктердің 5 легі оқытылып жатыр. Оқыту курсының мақсаты - елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру. Бүгін курсты аяқтаған 600 ден астам қатысушыға сертификат табысталды. Жалпы жоба басталғалы 3247 адам қаржылық сауаттылығын арттырған. Қолда бар қаражатын ұқсатып жұмсау, қарызға кірмеу тәсілдері түсіндірілді. Қатысушылардың арасында студенттер де бар. Олар семинар-тренингке қатысқандары үшін дән риза. Курстың берері мол, деп отыр. Курсқа жазылу үшін «AMANAT» партиясының парақшасында жарияланған нөмірлерге хабарласу керек немесе "qogam.kz" сайты арқылы тіркелуге де болады. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырады. Дәрістің ұзақтығы - 5 жұмыс күні. Ал дәрісті бітіргеннен кейін, қатысушыға сертификат табыс етіледі.Количество показов: 415
Дата создания: 15.03.2024 23:16:31