1-сәуірден бастап мүгедектер мен зейнеткерлерге автобуспен қатынау тегін
1-сәуірден бастап барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл аймақ басшысының тапсырмасы. Бұған дейін зейнеткерлер 40 теңге төлеп қатынаса, келесі айдан бастап діттеген жеріне ақысыз жете алады. Айта кетейік, қазір Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектер ғана тегін жүреді. Ал 1-сәуірден бастап барлық тотағы мүгедектер мен зейнеткерлер үшін автобуспен жүру тегін. Қоғамдық көлік тасымалына 342 млн. теңге қарастырылған. Қаоа автопаркі су жаңа 30 автобуспен толықты. Тағы 280 млн. теңге қосымша қаражат бөлінбек. 65 жаңа автобус әкелінуі тиіс.Количество показов: 434
Дата создания: 15.03.2024 23:12:15