"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы өтуде
Алматы ауданындағы Құрылыс-1 бау-бақша ұжымының үйлері де су тасқынынан зардап шекті. Арасында мүлдем тұруға жарамсыз, қирап тұрғандары да бар. "Жасыл ел" сарбаздары акция аясында үйлері суға кеткен тұрғындарға қол ұшын созбақ.Марқабай Мұхитовтың үйінің төбесі опырылып түскен. Енді үйі тұруға жарамсыз. Бұған дейін 4 бөлмелі үйде, 12 адам тұрыпты. Өз үйім, өлең төсегім,-дейді зардап шеккен тұрғын. Қазір ол отбасымен бірге Қ.Жұбанов университетінің жатақханасын паналап отыр. Онда жағдай жасалған, 3 мезгіл тамақ пен киім-кешек те берілген. Әйтсе де отағасы отбасымен өз үйіне оралуды армандайды.Тұрғынның айтуынша, жергілікті билік бұл отбасыға жаңа баспана береміз деп уәде еткен. Бірақ уақытын нақтыламапты.Ал су басқан үйін 2012 жылы тұрғызған. Он жылдың ішінде балаларын үйлендіріп, немерелі болғанын айтады. Билік уәдесінде тұрып, тезірек баспана берсе екен,-деп тілейді. Әзір күтуден басқа амал жоқ,-дейді тұрғын.Количество показов: 409
Дата создания: 06.05.2024 15:56:11