Су тасқыны кезінде Ақтөбеге еліміздің түкпір- түкпірінен құтқарушылар келді
Алматыдан арнайы келген құтқарушылар ұшақтан түскен бойда Ойыл ауданы, Қаратал ауданының тұрғындарын құтқаруға аттанған. Бір ауыл түгелімен су астында қалған. Ауыл мектебіне жиналған халықты құтқару жылдамдықты талап етті ,-дейді құтқарушылар.Әділхан Балтабайдың жасы 28-де. 2017 жылы құтқарушылар қатарына қосылған. табиғи, техногенді апаттардың басы-қасында жүретін батыр айлап үй көрмейтінін айтады. Өйткені бұл мамандық иелері кез-келген жағдайға тәулік бойы дайын болуы керек. Тек ел бойынша емес, көршілес елдерде болып жатқан апаттарды жоюға да атсалысқан. Мәселен, былтыр Ауғанстанда ірі жер сілкінісі болды. Әділхан командасымен үйінді астынан адамдарды құтқарған. Құтқарушы басты міндетіміз-адам өмірін сақтау,-дейді. Кейде секундтың өзі рөл ойнайды. Тікұшақтан 1 минутта түсіп, суда қалған адамдарды 4-7 минутта алып шығамыз. Жылдамдық -біздің кәсібіміздің ерекшелігі дейді ол. Құтқарушылардың үйіне қашан қайтатыны әзір белгісіз. Апат толықтай сейілгесін ғана,-деп топшылайды өздері. Ақтөбе өңірінде су тасқыны саябырсығанымен,өзге өңірлерде жағдай басқа. Оларға да көмек керек болуы мүмкін. Құтқарушылар болса кез-келген жағдайға сақадай саймыз,-деп отыр.
Количество показов: 650
Дата создания: 03.04.2024 05:49:50