М. Мәметова көшесіндегі Сазды өзенінің жағалауы қалпына келтірілуде
Қаланың қақ ортасымен өтіп жатқан Сазды өзенінің жағалауының бір айдан бері сиқы жоқ еді. Жартылай қираған қоршаулар, бұзылған кеспе тастар қаланың сәнін кетіріп тұрған. Бүгінде сынған кеспе тастар толығымен алынып, қоршаулар ауыстырылғалы жатыр. Бұған ең алдымен ақтөбеліктер дән риза. Сазды жағалауын қалпына келтіріп жатқан қай мердігер екені әзірге белгісіз. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі ешқандай мәлімет берген жоқ. Қазір ескі қоршаулар толығымен шешіліп, жаңадан төселетін кеспе тастарды әкеп қойған.Количество показов: 513
Дата создания: 07.05.2024 06:18:25