Көп балалы аналар алтыннан алқа тақты
Дүние аналармен көрікті. Шаһарымызда 8-наурыз мерекесін тойлау жалғасып жатыр. Бүгін қала басшысы нәзік жандыларды құттықтады. Мереке қарсаңында 13 көпбалалы ана алтын алқа иегері атанды. 7 баладан астам бала тәрбиелеп отырған аналар бүгін ерекше бақытқа бөленді.Құлпырған әйелдің мойнына алтынның жарасары сөзсіз. Ал ол алтын көп бала дүниеге әкелгені үшін болса, тіпті мақтанарлық іс. Айнұр Тілегенова 40 жаста. 7 баланың анасы. Үлкен ұлым-әскерде, қызым-тұрмысқа шықты. Ал кішкентайым 2 жасқа жуықтады. Алла берсе баладан бас тартпаймын. Бала- бақыт. Бала-тәрбиелеген бір ғанибет дейді ол. Алтын алқа иесі үйде жай ғана отырмай, тігін тігіп, азын-аулақ ақша да табатынын айтты . Аналар құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шарада қала әкімі Аналарға алтын алқа тағып, шоқ гүлдерін сыйлады. Мерекелік іс-шара барысында бүлдіршіндер және қаламыздың өнерпаздары ән айтып, күй тартты.Количество показов: 453
Дата создания: 08.03.2024 04:16:25