Мал шығыны анықталып, төлемдер жүргізіліп жатыр
Қарғын судан отар-отар қой, бірнеше үйір жылқы, сондай ақ ірі қара шығынға ұшырады. Судың астында қалған мал басының санағы әлі жүргізіліп, шығынды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Мал иелеріне миллиондаған шығын келгені анық. Бүгінде малы қырылған қожалық иелері, үкіметтен шығынын қайтарып жатыр. Ең бастысы малды растайтын дәлелдеме құжаты немесе ені болуы шарт.Республикалық штабтың хаттамасымен өлген жануарлардың құнын өтеу заңдылығы бекітілген. Өтемақы алу үшін өтініш берушілер залалды актілеу мақсатында жергілікті комиссияға жүгіне алады. Мамандардың айтуынша өтінім берушілердің қарасы әлі де азаяр емес. Құжаттарын өткізіп, комиссия шешімін күтіп отырғандары да бар. Құжаты бар әр мал иесі, ірі қараның немесе ұсақ малының құнын өтеп алуға құқылы. Дер кезінде тиісті орындарға хабарласып, құжаттарын тапсырса болғаны.Количество показов: 328
Дата создания: 07.05.2024 06:12:28