ЖРВИ өршіп тұр
Қыста ауа райы неғұрлым жылы болса, инфекциялардың өршуі белең алады. Жұқпалы ауру жағдайларының едәуір бөлігі ауа-тамшылы жұқпалар тобына жатады, ең алдымен жіті респираторлық вирусты жұқпалар мен тұмау. Қазір өңірде қызылша, тұмау, ангина сынды аурулар көбейген. Иммунитеті төмен, әлжауаз топқа бірінші кезекте балалар, жүкті әйелдер мен егде жастағылар жатады, дейді мамандар. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн. Вакцина алу – жіті респираторлы инфекциялық ауруларды бақылаудың басты амалы. Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады, дейді дәрігерлер. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, полиомиелит, дифтерия, қызылша сынды сырқаттардан қорғанудың бірден-бір жолы да вакцина, дейді мамандар. Қызылшамен қазір 13-15 адам аралығында ауруханаға түседі. Ал осының алдында тәулігіне 30 адам түсетін еді. Қызылша эпидемиясы басталғалы бері -10 493 науқас тіркелген. Оның 81,3%-ы екпе алмаған балалар. Сондықтан дәрігерлер балаңыздың денсаулығы үшін, екпе алуға кеңес береді.Количество показов: 261
Дата создания: 14.02.2024 23:30:49