Жолаушылар тасымалы саласы сын көтермейді
8 сағаттық жол жүріп баратын жолаушылар діттеген жеріне жеткенше, жүйкесі жұқарып бітеді. Бұл Ақтөбе-Шалқар бағытындағы пойыздың мәселесіне қатысты сын. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері бұл отырыста алдымен осы мәселені алға тартты. Сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері қалааралық пойыздардың қызмет сапасы төмен болғандықтан, билет бағасын да арзандату керек деген ұсыныс тастады. Ал қалааралық автобустардың біразы тоқтап қалған. Оның себебі жолаушылар санының аздығымен түсіндірілді. Жақында қалааралық бес жаңа автобус сатып алынған екен. Қазынадан бөлінетін субсиядия аз болғандықтан кейбір бағыттар жабылды, дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.Количество показов: 270
Дата создания: 19.02.2024 21:30:17