Қарғалы өзені арнасынан тасып жатыр
Облыста күн күрт жылыды. Синоптиктердің хабарлауынша, шаһарда ауа температурасы күндіз 15 градусқа дейін көтеріледі. Дегенмен күннің күрт жылынуы салдарынан қаламызға қауіп төніп тұр. Бүгін екінші мәрте Қарғалы өзенінің су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. Қазір өзен жағасы техниканың көмегімен құммен қоршалған. Дегенмен қауіп бар. Қызыл су Қарғалы өзенінің маңында орналасқан үйлерді тағы басуы мүмкін.Әзірге Кірпішті ауданында жағдай тұрақты. Тұрғындар жағдайдан хабардар. Қарғалы өзенінің бойында орналасқан тұрғындарға облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан хабарлама жеткізілді. Сондай - ақ, көмек қажет болған жағдайда 109 немесе 112 нөміріне хабарласулары сұралады.Айта кетейік, 28 - ші наурыз күні Қарғалы өзенінің су деңгейі көтеріліп, өзен маңында орналасқан үйлерді түгелімен қызыл су басты. Тұрғындардың зәулім сарайлары, үйлері мен дүниелері қарғын судың астында қалды. Қазір су басқан үйлерден су тартылғанымен, екінші мәрте қызыл су басу қаупі бар. Сондай - ақ, Елек өзенінің суы да біртіндеп көтерілуде.Количество показов: 531
Дата создания: 04.04.2024 07:39:51