Ақтөбеде кешенді полиция күштерінің бірыңғай сап түзеуі өтті
Мұндай саптық байқау айына бір мәрте ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға кірісетін азаматтармен, техникалардың дайындығы пысықталады.Шара бүгін де өз ережесінен жаңылған жоқ. Тәртіп сақшыларының жүріс-тұрысынан бастап, киім киюі, жылдап әрекет етуі сыналды. Саптық түзеу шарасы қалалықы полиция басқармасының плацында өтті. Бұл жолы тәртіп сақшыларының дайындығын ішкі істер саласының ардагерлері де бақылады. Аға буын бағасын да берді. Азаматтардың құқығы бұзылмауы тиіс! Бұл-облысымыздың бас полицейі Абай Жүсіповтың қызметкерлерге берген тапсырмасы. Өйткені тәртіп сақшыларының әр қадамы қоғамның бақылауында. Полицейлерге шалыс басуға болмайды. Тұрғындардың құқығын қорғау мен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау басты міндет. Сондай-ақ, департамент бастығы ювеналдық полиция бөлімінесу жаңа қызметтік автобустың кілтін табыстады. Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін бұл бөлім үшін құнды сыйлық. Өйткені, жасөспірімдер арасында қылмысты азайтып, балалардың құқығын қорғайуға атсалысатын да ювеналды полиция. Гарнизондық таратудан кейін ардагер-тәлімгерлер облыс аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кіріскен полицейлермен бірге қала көшелерін патрульдеуге аттанды.Количество показов: 392
Дата создания: 15.03.2024 23:14:30