Жазадан жалтарып жүр
11 ақпан күні, сағат 3 - те "Ақтөбе - Ойыл" тас жолында жол апаты болды. Белгілі болғандай оқиға орнында ВАЗ 2115 автокөлігі мен "Toyota Land Cruiser" көлігі соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында ВАЗ 2115 көлігінің жүргізушісі 45 жастағы Арман Айжарықов көз жұмды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған 5 баласы қалды. Ал, көлікте болған екі жолаушы, яғни жан тапсырған ер адамның анасы мен інісі жарақат алды. Кейін олар Ойыл аудандық ауруханасына жеткізіледі. Көліктің түгі қалған жоқ,-дейді марқұмның туыстары.Ал апаттың себепкері қазір бостандықта жүр. Оған жаза қолданылмапты. Сол күні жүргізуші жолдың қарсы бетіне өтіп, алдағы жүк көлігін басып озбақ болған. Осы сәтте қаннен қаперсіз келе жатқан қарсы бағыттағы көлікке соқтығысады. Іс сотқа жетті. Бірақ жол апатының басты фигуранты жоқ, дейді марқұмның туысы. Айтуынша, бір отбасын асыраушысынан айырған адам зейнеткер. Қан жылап қалған туыстары әділдік орнап, рөлде болған адамның жазаға тартылуын талап етіп отыр. Прокуратураға да шағымданған. Заңгер Нұрбек Әлжановтың айтуынша, егер күдікті бұрын соңды сотталмаған және ҚР азаматы болса, сондай - ақ, тұрғылықты мекен - жайы болса іс бітпейінше күдікті бостандықта болады. Әзірге тергеу жүріп жатыр. Егер, күдікті кінәлі деп танылса, ол қамауға алынатын болады.Количество показов: 364
Дата создания: 21.02.2024 01:05:41