"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша биыл өңірде 12 мектеп іске қосылады
Өңірде "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы жалғасуда. 2023-2025 жылдар аралығында 14 мектептің құрылысы жоспарланған. 11 400 орындық білім ордасы салынады. Ол үшін Ұлттық қордан 80 млрд теңге шамасында қаржы қарастырылған. 2 жыл бұрын Ұлттық қордан 26.7 млрд теңге бөлініп, іске асты. Былтыр 25,6 млрд. теңге игерілді. 2025 жылға 18,9 млрд. теңге жоспарланып отыр. Жоба оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешіп, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталған. Былтыр жыл соңында 2 300 оқушыға арналған Ақжар-2 және Есет батыр-3 тұрғындар алабындағы мектептердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Ақпанда пайдалануға беріледі. Алтын Орда шағын ауданындағы 2000 орындық мына мектептің құрылысы былтыр басталған. Тамызда аяқталып, пайдалануға беріледі. Ерекшелігі - бастауыш және жоғарғы сыныптардың оқу блоктары бөлек. Бір ауысымға арналған. 19 мың шаршы метрді құрайды. 4 қабатты. Балалардың қауіпсіздігі толық қамтылады дейді мамандар. Жедел саты, зертхана, асханасы бар. "Самұрық-Қазына" ұлттық қорының қолдауымен "Би-Ай" групп компаниясы салып жатыр.Құрылыс барысында жоспардан тыс қалып жатқан мәселе жоқ. 130 адам қызмет қылып жүр. Қазір 7 бірлік техника жұмылдырылған. Жоба 60 пайызға дайын. Ал, биыл "Жайлы мектеп" жобасымен салынып жатқан тағы 12 мектеп пайдалануға беріледі. 9100 орындық. Шаһар бойынша 8 мектеп. Қалғаны Темір, Мәртөк, Мұғалжар аудандарында бой көтереді.
Аймақта бұдан өзге, былтыр білім беру саласында 56 нысан салынып, 34-і ел игілігіне жарап тұр. Олардың 12-і мектеп, өнер мектебі, спорт зал, әкімшілік ғимараты мен 19 газдандыру және қазандық құрылысы. 26 нысан ауыспалы.
Количество показов: 21
Дата создания: 05.02.2025 05:46:11