Жылан жылы жүректерді жылытсын
Қазақта жыл қайыру-он екі жылдан тұрады. Он екі жылды ата-бабамыз бір мүшел деп санаған. Әр мүшел он екі түрлі аң мен жануардың атымен аталған. Әрбір жануардың жылы наурызда кіреді. Әр мүшел аяқталып, екіншісі басталғанда, он үшінші жыл тағы да тышқаннан саналып, есеп қайта ашылады. Бірінші мүшел- 13 жас, содан кейін он екі жылдан қосыла береді. Астрологтар жылан жылының сипаттамасын берді. Жылан- суыққанды, бірақ ақылды, сабырлы, кейде тіпті қулыққа бейім. Мұндай қасиеттер жылан жылында туылған адамдарға да жатқызылған. Жылан жылы тыныштық пен сақтықты қажет етеді. Бұл жылы басталған істерде асығыстыққа жол бермеу маңызды, дейді маман.Ниетімізге қарай несібеміз. Ал асыл дініміз тек ізгі ниетті болуды үндейді. Ниет- тек жүректен туындайтын дүние. Ал жүректің ішіндегі дүниені Алла мен ниет еткен адамның өзі ғана біледі.Ең негізгісі, тілмен айтылған емес, жүректегі ниет. Нумерологтар 2025 жылы әр адам ниетіне сай өсір сүреді, деген пікірде. Денсаулыққа мән беру-осал тұстарыңызды көтереді, дейді Гүлнұр Төлегенова. Сондай-ақ, 2025 күрмеуі шешілмеген, ұзаққа созылған мәселелердің шешімін табатын жыл.
Адамның айтқаны болады ма, әлде Алланың айтқаны болады ма? Әйтсе де, мамандар айтқандай денсаулыққа мән беріп, әр күніңізді жоспарлап, өзіңізді дисциплинаға үйретсеңіз-өміріңіздің жақсы бағытқа түсетіні анық. Міне, жылан жылы да кіргелі отыр. Жыл жақсылығымен келгей.
Количество показов: 123
Дата создания: 01.01.2025 09:30:54