Пойыздардағы тәртіп бақылауда
Мереке қарсаңында өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Жаңа жыл кезінде қоғамдық тәртіп екі есе бұзылатыны хақ. Осы орайда Желілік полиция қызметкерлері 20-31 желтоқсан аралығында "Шырша" және 20 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.Дәлірек айтқанда қылқан жапырақты жас ағаш түрлерін заңсыз кесу,тасымалдау және пиротехникалық заттарды белгіленген қағида бойынша қолданбау фактілерімен күресуде.Сонымен қатар,Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері кішкентай жолаушыларды қуантты. Бүлдіршіндерге жаңа жылдық тәттілер сыйлап, жолаушыларды алдағы мерекемен құттықтады. Полицейлердің қолынан тәттілер алған бүлдіршіндер ерекше қуанды.Еске сала кетейік, қоғамдық орындарда, жолаушылар вагондарында ішімдік ішуге және тамбурда тұрып шылым шегуге тыйым салынған. Сонымен қатар, мереке қарсаңында жолаушылар пойызында ішімдік ішу фактісі көбейеді, дейді поилейліктер. Осы орайда тәртіп бұзған азаматтар немесе жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Темір жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күнделікті 20 тәртіп сақшысы жауапты.Количество показов: 158
Дата создания: 31.12.2024 07:06:23