Қарауылкелді ауылында "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды
Ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі құрметтелді. Қаһарман полицейге арнап Қарауылкелді ауылындағы №3 орта мектепте "Жас сақшы" сыныбы ашылды. Ал, жас сақшылар салтанатты түрде ант қабылдап, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіповтің қолы қойылған "Жас сақшы" куәлігін алды.Еңбегі еленген полицейдің есімі Айдос Боранбаев. Ол 2011 жылы Темір ауданының Шұбарши ауылында террористік акт кезінде қаза тапты. Сол күні «Mitsubishi Delica» автокөлігімен жүрген белгісіз адамдар қызметтік көліктегі полицейлерге оқ жаудырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан Полиция аға сержанты Айдос Боранбаев алған оқ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Арнайы сыныптың ашылу салтанатында Айдос Боранбаевтың ағасы да батыр іні тәрбиелегені үшін алғыс хатпен марапатталды.Батыр-полицейдің есімімен аталатын «Жас сақшы» полиция сыныбын салтанатты ашу барысында Байғанин ауданы полиция бөлімі мен №3 Қарауылкелді орта мектебі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Количество показов: 60
Дата создания: 04.02.2025 06:12:20