Басты байлық-денсаулық!
Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, мерекені жақындарыңызбен өткізіп, бір дастархан басында қарсы алу - ең тиімді жол болмақ. Жылдың басты мерекесі есте қаларлықтай өту үшін дастарханды ерекше жайнатып, дәмі тіл үйіретін тағам түрлерін аямай қоямыз. Ал, ақтөбеліктер Жаңа жылды қалай қарсы алмақшы?Әр отбасыда жаңа жылдық дастархан жайнап тұруы керек деген ұғым бар. Дегенмен, дастарханнан ет, балық, теңіз өнімдерін алып тастаған жөн, дейді мамандар.Себебі-осы өнімдерден улану көбірек тіркеледі екен.Қарын тойдыруды ғана ойламай денсаулығыңызға да бір мән беріп қойыңыз.Қыстың көзі қырауда – қыс мезгілі ең алдымен өзінің қарлы-боранды, суық та аязды күндерімен ерекше. Көңілді қыс мерекесінде үсік шалатындардың да саны артады. Әсіресе, бүлдіршіндер бүрсеңдеп, қаламыздың аязы сүйегіңнен өтіп-ақ кетеді. Мамандар мұндайдар аязда ұзақ жүрмеуге кеңес береді.Жаңа жыл-жаңа мүмкіндіктер мен жаңа үміттің нышаны. Келер жылға қадам басып, өтке жылды артқа тастаймыз. Мерекелік кеште тіркелетін оқыс оқиғалар тізімі артады.Мамандар мұдайда аса сақ болуға шақырады.Количество показов: 124
Дата создания: 01.01.2025 09:28:19