Үлескерлердің мүддесін кім қорғайды?
Жыр болған баспана. 2019 жылдан бері қалаған пәтерлеріне қол жеткіземіз деген үмітпен жүрген ақтөбеліктер бүгін облыс прокурорларынан көмек сұрады. 77 адам 6 жылға жуық уақыт бұрын "Жилище" тұрғын үй-құрылыс кооперативіне ақша құйған. Бір бөлмелі пәтер үшін 4 млн 600 мың, екі бөлме үшін 6 млн 700 мың теңге. Батыс-2 шағын ауданынағы 364б және 357 учаскелерде 3 қабатты тұрғын үй салынуы тиіс еді. Алайда, кәсіпкер банкрот болып, үлескерлерге одан әрі жұмысты тоқтататынын мәлімдеген. Өтем ретінде үйдің алдындағы құрылыс материалдарын алуды ұсынған. Үлескерлердің басым бөлігі тұрып жатқан пәтерлерін сатып, салынатын үйлеріне ақша құйған. Қазір пәтер жалдап, 5 жыл бұрын алған несиелерін төлеп жүргендер көп. Тіпті хостелде тұрып жатқандары да бар. Шырылдаған халық тәртіп сақшыларының қызметіне де наразы. Еш өзгеріс жоқ. Қанша барып, арыз түсірсек те құжатымызды 5 жыл дегенде әрең алдық, дейді. Тіпті, қайта жасатуға тура келген. Қолдарында дәлелдері де бар.Пәтерсіз қалғандардың сөзінше, министр тарапынан мердігер мекеме ретінде "Ақтөбе Сәулет" серіктестігін белгілеген. Алайда, компания сот шешімінсіз жұмысты бастай алмайды. Іс сотта қаралып, шешім шығуы тиіс.Ал үлескерлерге уәде беріп, соңына дейін жеткізбеген "Жилище" кооперативінің төрағасы Нұрлан Каусов 5 жыл ішінде сотталып, жазасын мерзімінен бұрын өтеп шыққан.
Количество показов: 17
Дата создания: 05.02.2025 05:40:42