Келер жылдан үміт көп
Григориан күнтізбесі бойынша 1ші қаңтар жаңа жыл келеді. Елді дүрліктірген су тасқыны, жыл аяқталуға қалғанда болған ұшақ апаты-мұның барлығы 2024 жылдың еншісінде. Өңіріміз үшін де 2024 ауыр тиді. Көктемде төтенше жағдай жарияланып, қараша халық баспанасыз қалды. Алайда, көппен көтерген жүк жеңіл. Зардап шеккендердің барлығы мүмлекетімізден қолдауға ие болды. Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алып, жаңа өмір бастағалы отыр. Егіншілеріміз үшін де қиын жыл болды. Шегіртке мен қуаңшылықпен күрескен диқандардың еңбегі зор. Ақтөбеліктер өткен жылға көз жүгіртпей, алдағы жылдан тек жақсылық күтетіндерін айтады. Төрт жылда бір айналып келетін кібісе жыл. Биыл мұнда 366 күн бар. Кібісе жыл қауіпті және күрделі болып саналады. Іс жүзінде ешкім оны қиындықсыз өмір сүре алмайды. Алайда, қазақта "пейіл" деген бір сөз бар. Қарап отырсақ, бұл сөз тек жақсы мағынада, бата-тілекте ғана қолданылады екен. Тұрғындар пейілі таза адамдарға Жаратқанның қолдауы бар деген ойда.Қазақ халқында әр жылдың өзіндік ерекшелігі мен маңызы бар. Жылдың сәтті немесе қиын өтуін көбінесе табиғат жағдайларына, елдегі саяси ахуалға, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қарап бағалайды. Әр жыл өзінің сәтсіз және сәтті оқиғаларымен есте қалып, солардан қорытынды жасалады. Келер жылдан үмітіміз көп. Ең бастысы аспанымыз ашық, еліміз тыныш, бейбіт болсын. Келер ұрпақ тек бейбіт елде өмір сүрсін.
Количество показов: 130
Дата создания: 01.01.2025 09:33:05