"Геолог" мәдениет үйінде балаларға арналған Шырша мерекесі жалғасып жатыр
"Геолог" мәдениет үйінде жаңа жылдық шырша мерекесі 17-желтоқсанда басталды. Мұнда Есет батыр тұрғын алабы, Қарғалы ауданы мен Ақжар ауылының тұрғындары келіп жатыр. Сондай-ақ, бірнеше кәсіпорын балғындарына ертеңгілікке билет алған. Мерекелік шара күн сайын, екі рет өтуде.Бүгінде "Геолог" мәдениет үйінде «Вокал», «Мәнерлеп оқу», «Домбыра», «Актерлік шеберлік», «Би» "Хор" үйірмелері жұмыс істейді. Талантын шыңдауға талап қылған ұл-қыздар аталған үйірмелерде өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, түрлі байқаулар мен өнер бәйгелерінде бақ сынап, сахна мәдениетін, сөз шеберлігін дамытып, білімді де білікті тәжірибелі ұстаздардан тәлім алады.Жаңа жылды жадырап қарсы алған балалар мұнан соң шыршаны айнала билеп, өнерлерін ортаға салды. Аяз ата және Ақшақармен қол ұстасып, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Түрлі кейіпкерлерді кезіктірді. Думанды мереке бұл жолы да бала жүректердегі қиялдарды қанаттандыра түсті. «Қош келдің, Жаңа Жыл!», деп аталған мерекеде балғындар ән шырқап, би де биледі. Мзыкалық аспаптарда ойнап, бар өнерлерін ортаға салды. Тақпақ айтып, Аяз-ата мен Ақшақардың тапсырмаларын орындаған бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар таратылды.
Количество показов: 164
Дата создания: 31.12.2024 07:08:33